8.01.2021, 13:08
Оқылды: 146

Батыс Қазақстанда мал іздеуге шығып, адасып кеткендер құтқарылды 

Батыс Қазақстан облысында мал іздеуге шығып, адасып кеткен тұрғындар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210108132937656e

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округінде болды.

Сағат 11.00-де 31 жастағы екі тұрғын «ВАЗ-21031» автокөлігімен жылқы іздеуге шығып, адасып кеткен.

Сағат 18.33-тен бастап ТЖ департаментінің 4 қызметкері екі автокөлікпен адасып кеткен тұрғындарды іздестірді. Соның нәтижесінде автокөлігі сынып қалған екі тұрғын Аралтөбе ауылынан 20 шақырым жерден сағат 21.24-те табылды.

2101081332221557g

Аралтөбе ауылына жеткізілген тұрғындар құтқарушыларға ризашылығын білдірді.

Құтқарушылар тұрғындардан ауа райына байланысты синоптик болжамын мұқият қадағалап, ескерту жарияланған күндері елді мекендерден алысқа кетпеу қажеттігін еске салады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале