13.08.2020, 10:20
Оқылды: 715

Батыс Қазақстанда жергілікті бюджет есебінен 100 грант бөлінді

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссиясының отырысы негізінде жергілікті бюджет есебінен 2020-2021 жылғы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін жариялайды.

грант

- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету бағыты бойынша 85, оның ішінде жалпы медицинаға 60 грант, қоғамдық денсаулық сақтауға 25, өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты блйынша оның ішінде дінтану және теология мамандығы бойынша 4 грант, педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша оның ішінде математика мұғалімдерін даярлауға 5 грант, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәніне 6 грант бөлінген.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындары – М.Өтемісов атындағы БҚУ, "Нұр-Мүбарак" Египет ислам университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті.

Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 100 грант бөлініп отыр, - деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.

Гранттарды иелену үшін конкурсқа құжаттарды қабылдау 2020 жылғы  15-17 тамыз аралығында жоғары оқу орындарын қабылдау комиссияларымен жүргізіледі. Қосымша мәлімет үшін: 26-04-74, 26-05-06 телефондарына хабарласуға болады.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале