8.02.2017, 13:16
Оқылды: 51

Батысқазақстандық екі оқушы "Көк киттің" құрбаны болған

sini kit  Суицидке итермелейтін "Көк кит" ойынының алғашқы құрбандары өткен жылы тіркелген. Батыс Қазақстан облысында екі оқушы асылып қалыпты. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасы.


  Биыл тағы екі бала осы ойынның құрбаны бола жаздаған. Прокурорлар алдын алу жұмыстары кезінде "Вконтакте" желісінің өзінде 12 топтың жастарды өлімге шақыратынын анықтаған. Дені ресейлік сайттар. Олардың ішінде әйгілі "Көк кит" те бар.

  "Әлеуметтік желілерді тексеріп, мұндай қайғылы жағдайға жол бермедік. Қазір бұл балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Енді зиянды сайттарды бұғаттау туралы ұсыныс дайындап жатырмыз. Тексере келгенде 15-17 жастағы жасөспірімдердің суицидке бейім екендігі анықталды. Олардың мұндай күйге түсуіне ата-аналарымен сөзге келуі, жеке басындағы сәтсіздіктер мен әлденеден қорқуы себеп болыпты. Қауіпті ойынға шырмалған олар желіде тіпті қашан өлетінін де жариялаған", - дейді  БҚО прокурорының аға көмекшісі Алмагүл Исмағұлова.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале