28.03.2020, 16:02
Оқылды: 1652

Батысқазақстандық кәсіпкер коронавируске қарсы күреске 10 миллион теңге бөлді

Бүгінде әлем жұртшылығын ауыр жағдайымен алаңдатып отырған коронавирус біздің елімізге де жетті.

BDDC72EC-CA84-4DE7-B202-7A61978F1217

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дер кезінде төтенше жағдай жариялап, дертке  қарсы күресті күшейту жөнінде бірнеше тапсырмалар берді. Бұл бойынша мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, қарапайым халық та ушығып тұрған дертке дер кезінде тосқауыл болу үшін қатаң тәртіпке бағынуы қажет. Бұл өте маңызды. Дәл осындай  қысылтаяң шақта еліміздің жанашыр азаматтары жомарттық танытып, халыққа көмектерін тигізуде.

Солардың бірі – Нұрғазы Сатбаев. Өңірімізге танымал кәсіпкер, «Uniserv» ЖШС  бас директоры, «Nur Otan»  партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сатбаев Елбасы Үндеуін қолдап, «Біз біргеміз!» акциясы аясында өз қаражаты есебінен арнайы қорға 10 миллион теңге аударды. «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, Н.Сатбаев  бұған дейін де бірнеше отбасыға үй салып беріп, қайырымдылығымен танылған азамат, деп хабарлады "Nur Otan" партиясы БҚО филиалының баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале