25.02.2020, 10:33
Оқылды: 231

Батысқазақстандық «Мұрагер» театры қойылымнан түскен қаражатты қайырымдылық қорына аударуда

Сырым ауданына Бөрлі аудандық демалыс орталығы жанындағы «Мұрагер» халық театры келіп, жымпитылық көрерменге Әліби Жанабіловтың «Жалғанған үміт» трагедиясын ұсынды. Қойылымның режиссері – Әсел Нағымқызы.

oznor

Трагедияның негізгі ойы - қарттар үйіндегі қариялардың диалогында айтылады. Әйтімен қарттың да, Жүсіп шалдың да, Жұпар мен Қаламқас әжейдің де бастарында бір тағдыр. Төртеуі де туған ұрпақтарына керексіз болып, қалған ғұмырларын қарттар үйінде өткізуде. Түсінгенге, нағыз трагедия – осы. Әйтімен қарт ұлының жолын қарайлаумен, бір хабарын күтумен болады. Бірақ, ұлы келмейді. Келу былай тұрсын ол әйелінің алтын алқасының жоғалғанын туған әкесінен көреді. Осы жерде «Жалғанған үміттің» көрермені «Қарияның үміті қалай жалғанады?» деген сұраққа еріксіз жауап іздейді. Қарттың Алмат деген бейтаныс балақайға жүрегін беруі – әр адамға Әйтімен шалдың жүрегіндей иманға толы мейірімді жүрек керек–ау деген ойда қалдырады. Қойылымды жерлестерімен бірге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев те тамашалады.

oznor

Айта кетейік, «Мұрагер» театры осыған дейін өңірдің алты ауданында өнер көрсетті, әлі төрт аудан күтіп тұр. Қойылымнан түскен қаражаттың барлығы «Харекет» қайырымдылық қорына аударылуда. Қордың Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Демежан Меңдешовтың айтуынша, бұл қаржыға облыстың бір жанұясына баспана алып берілмек. Осылайша, қайырымды театр «Харекет» қоры бастаған игі іске үлес қосып жатыр екен.  «Харекет» қоры «1000 теңгеге – баспана!» жобасы аясында республика бойынша 169 отбасыға үй сыйласа, соның 7-еуі Батыс Қазақстан облысында беріліпті.

 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале