29.03.2017, 16:51
Оқылды: 70

Батысқазақстандық сақшылар кикбоксингтен жүлделі орындарды иеленді

Atirau kikboksing  22-26 наурыз аралығында Атырау қаласында кикбоксингтен өткен ел чемпионатына Қазақстанның 13 облысы мен 2 қаласынан 172 спортшы қатысты. Төрт күн бойы таласқа түскен спорт жеңімпаздары сәуір айында Ашхабадта өтетін Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады.


  Осынау  байрақты бәсекеде Батыс Қазақстан облысы ІІД  полицейі, полиция капитаны Андрей Смирнов өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп,  91 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынды ұтып алды.

  Андрей Смирнов – бұдан бұрын талай рет спорт алаңына шығып, талай қарсыластарын тізе бүктіріп, шет елдерде Қазақ елінің көк байрағын  жоғары  желбіретіп, облысымыздың намысын қорғап жүрген кикбоксинг бойынша спорт шебері, ММА бағыты бойынша аралас жекпе-жек бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксинг бойынша спорт жаттықтырушысы.

  Сондай-ақ аталған жарысқа Андреймен бірге тағы екі полиция қызметкері қатысты. Ғалиев Ержан  91 келі салмақ дәрежесінде, Ержанов Даулет 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жүлделі үшінші орындарды иеленді.

 

БҚО ІІД 

баспасөз қызметі

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале