20.04.2018, 21:55
Оқылды: 35

Батысқазақстандық спортшы "Азия чемпионы" атанды

IMG-20180420-WA0049Щучинск қаласында қол күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатына батысқазақстандық спортшылар  қатысуда. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Айтулы додада 12 мемлекеттің спортшылары күш сынасуда. Онда барлығы 800-ге жуық спортшы сынға түсіп жатса, олардың 200-ге жуығы - мүмкіндігі шектеулі жандар.

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өңірімізден 6 спортшы қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.

Сурдлимпиадалық қол күресінен Ақтоты Мәлік, Жиенбек Ошанов және Есеней Жақыпов 1 орынға ие болса, ал Орынбасар Сариев 3 орынға тұрақтады.

Паралимпиадалық қол күресінен алтын медаль иеленген Азон Шаймарданов "Азия чемпионы" атанды. Спортшыларды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының қол күресі жаттықтырушысы Аманбек Қошанов дайындады.

Айта кетейік, спорт додасы 22 сәуірде қорытындыланады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале