9.12.2019, 10:34
Оқылды: 67

Батысқазақстандық спортшы «Үздік аударыспақ балуаны» атанды

Жетінші мәрте ұйымдастырылған биылғы «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

сурет Жас Алаш сайтынан

сурет Жас Алаш сайтынан

 

Аударыспақ, теңге ілу, жамбы атудан, көкпардан Алматыда өткен Жастар арасындағы І Азия чемпионатында, «Алтын жебе» І Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған, бәйге мен құсбегілік бәсекелерінде топ жарған және тоғызқұмалақтан, асық атудан, қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген көптеген спортшылар «Алтын тұғыр» сыйлығына лайық деп танылды.

2-001

Олардың арасында батысқазақстандық спортшы Нармағанбет Иманғазыұлы бар. Нармағанбет «Үздік аударыспақ балуаны» атағына ие болды.

3-001

Ұлттық спорт түрлерінің үздіктер номинациясы бойынша «Үздік мергендер» ретінде Айкөз Ералхан мен Бабажан Бақдәулет үздік шықса, «Қоянқасқа», «Үшқоңыр», «Қызжирен» - үздік бәйге аттары атанды. «Үздік аударыспақ балуандары» атағына Аманжол Нұрбек, Құралбай Ермек, Иманғазыұлы Нармағанбет, Ағабек Ғабит ие болды. «Үздік қазақ күресінің балуаны» номинациясын Нариман Тұтқышев, «Үздік тоғызқұмалақ ойыншысы» номинациясын Ғалымжан Темірбаев иеленді. «Үздік асық ату командасы» болып Нұр-Сұлтан қаласының командасы белгіленді. «Үздік бүркітші» - Серікболсын Жалғасұлы. «Үздік теңге ілу спортшысы» - Ғалымжан Ізжанов, «Үздік көкпар командасы» - көкпардан ҚР Жастар құрама командасы, «Үздік көкпаршы» - Құрманбек Тұрғанбек, «Ұлттық ат спортының үздік төрешісі» - Ерлан Жүсіпов, «Үздік жаттықтырушы» - Арслан Қабжанов, «Үздік ұлттық спорт клубы» - «Әулие ата» ұлттық спорт клубы, «Жаппай көкпар үздіктері» - Ғалымжан Мырзабаев, Жомарт Зиябек атанды. Сондай-ақ, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбековке «Елімжан» медалі табыс етіліп, ұзақ жылдар осы салаға еңбек сіңірген көптеген ардагерлерге құрмет көрсетілді. Айта кетсек, «Алтын тұғыр» - жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын ұлттық спорттың дәстүрлі жиыны. «Алтын тұғыр» ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың есімін ардақтайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале