4.12.2018, 16:02
Оқылды: 55

Батысқазақстандық ұстаздар халықаралық байқаудың жүлдегерлері

Алматыда 1-2 желтоқсан математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VI халықаралық шығармашылық конкурсы өтті. Аталмыш байқауда Қазақстаннан бөлек, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан республикаларынан 300-ге жақын мұғалім бақ сынады.

Айта кетейік, байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығы» РББҰ ұйымдастырды. Оған облысымыздан әр пән бойынша 2 мұғалімнен 10 мұғалім қатысқан.

IMG-20181204-WA0013

Ұстаздар додасында Орал қаласы №21 мектебінің информатика пәні мұғалімі Роберг Наталья жүлделі І орын, Ақсай қаласындағы №7 мектептің физика пәні мұғалімі Сандуғаш Кулекеш ІІ орынға ие болды. Облыстық дарынды балаларға арналған ІТ лицейдің математика пәні мұғалімі Самал Нигметуллина жүлделі ІІІ орыннан көрінсе, 4 ұстаз 4-ші орын иеленіп Алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

IMG-20181204-WA0000

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале