13.04.2019, 0:03
Оқылды: 32

Батысқазақстандық жас айтыскер бас жүлдені жеңіп алды

Сәуірдің 11 мен 12-сі күні Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен «Ұлы дала дарындары» атты республикалық байқауы өтті.

IMG-20190412-WA0007

Жас өнерпаздар 12 номинация бойынша бақ сынаған. Бір ерекшелігі лауреат атанып, арнайы сертификатқа ие болғандар аталмыш академияға жаңа оқу жылында шығармашылық емтиханды тапсырмай оқуға түсу мүмкіндігіне ие болды.

Өнер додасына қатысқан жерлесіміз Райымбек Өтепов «Айтыс» номинациясында лауреат атанып, бас жүлдені жеңіп алды.

-Ол 6-сыныптан бері Қаратөбе аудандық балалар шығармашылық үйі жанындағы «Ақындық әліппесі» үйірмесінің мүшесі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Тараз, Ақтөбе, Атырау қалаларында оқушылар арасында өткен республикалық айтыстың бірнеше мәрте жүлдегері. Болашағынан мол үміт күтеміз. Биыл өнер академиясында айтыс өнері факультеті ашылмақ. Райымбектің сертификаты бар. Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырса,  еліміздегі осы іргелі оқу орнында білім алатын болады, - дейді жас айтыскердің ұстазы, жоғары санаттты қосымша білім беру педагогі, ақын Ертай Бимұханов.

IMG-20190412-WA0008

Айта кетейік, айтыскерлер Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының тақырыбы аясында  айтысқан.

zhaikpress.kz    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале