1.05.2017, 14:43
Оқылды: 39

Батысқазақстандықтар бірлік мейрамын жаңа алаңда тойлады

received_676586329206121Мыңдаған батысқазақстандық Орал қаласындағы жаңа алаңда өткен мерекелік шараға қатысты. Жаңа алаңда тұңғыш рет ұйымдастырылған мерекелік шеруге қаладағы еңбек ұжымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйымдар, жоғары жəне орта оқу орындары, қала тұрғындары қатысты.


 

received_676579252540162Мерекелік жиынға қатысушыларды Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов 1 мамыр мейрамымен құттықтады.

- Қадірменді батысқазақстандықтар! Құрметті оралдықтар, біздің қонақтарымыз!

received_676579432540144Баршаңызды бүгінгі ұлы мереке - Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! ҚР Президенті Н.Назарбаев отандастарымызды көктем  мейрамымен құттықтаған сөзінде бүкіл жетістігіміз бен жеңісіміз барлық ұлттардың бірлігінің бекемдігі, оның ішінде əр қазақстандықтың еңбегі бар екендігін атап өтті. Өңіріміздің өркендеп дамуына облыс тұрғындарының да қосып жатқан үлесі зор.

received_676586615872759Айналаға зер салып қараңызшы, осыдан бес жыл бұрын бұл аумақ жазық дала еді. Өткен жылы Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығының аясында жаңа алаңды аштық. Міне, бүгін алаң жанында Салтанат сарайы, Достық үйі, балабақша, аурухана, Оқушылар және жастар сарайы, Қадыр Мырза Əли атындағы мәдениет және өнер орталығы, Назарбаев мектебі, қалалық соттың жаңа ғимараты бой көтерді. Қанша отбасы баспаналы болып, қоныстойын тойлауда. Бұның бəрі - еліміздегі бейбітшіліктің, тыныштық пен келісімнің арқасы.

received_676588799205874Биыл ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізбекпіз. Бұл шараны да абыроймен атқарамыз деген ойдамын.

Көгілдір көктемнің бүгінгі жарқын мерекесін мəнді де сəнді өткізуге атсалысқан əр мекеме қызметкеріне, қонақтарымызға  ризашылығымды білдіремін, - деді А.Көлгінов.

received_676588772539210Салтанатты жиында Жайық жұртшылығын айтулы мерекемен Саратов облысы губернаторының міндетін атқарушы Валерий Радаевтың атынан Саратов облысы Үкімет төрағасының орынбасары Александр Соловьев құттықтады.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале