30.12.2017, 14:17
Оқылды: 44

Батысқазақстандықтар қысқы олимпиада ойыншыларына қолдау көрсетті

IMG-20171230-WA0070Бүгін Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында мереке алдындағы көпшілік жүгіру өтті. Шараға облыс жəне қала басшылығы мен екі мыңнан астам қала тұрғыны қатысты.


 

IMG-20171230-WA0072Мақсат – Елбасы Н. Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын орындау және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кету керек, мереке алдындағы көпшілік жүгіру шарасына ересектермен бірге жасөспірімдер ерекше белсенділікпен қатысты.

received_10210735762762600Көппен бірге  3 шақырым қашықтықты жүгіріп өткен облыс әкімі мұндай шаралардың өткізілуі саламатты елді қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыруда маңызы зор екеніне назар айдарды. Сондай-ақ бұл шараның алдағы қысқы олимпиада ойындарындағы Қазақстан спортшыларының жеңісіне арналатынын айтты.

received_10210735762802601- Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер бүгінгі көпшілік жүгіру шарасына қатысу арқылы спортты қолдайтындарыңызды көрсеттіңіздер.

received_10210735762842602Елбасы Н. Назарбаев спортты дамытуға ерекше көңіл бөлу керек екендігін айтып келеді. Біздің Батыс Қазақстан облысында спорттың түрлі саласында жетістікке жетіп жүрген спортшыларымыз өте көп. Бүгінгі шараға қатысу арқылы да сіздер спортты сүйетіндеріңізді дәлелдедіңіздер. received_10210735762722599Бүгінгі спорттық шараны 2018 жылғы қысқы олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан командасына арнаймыз, - деді А. Көлгінов.

zhaikpress.kz

Фото А.Куприенко, А.Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале