28.02.2019, 19:14
Оқылды: 101

Бек Әметов: «Сот жүйесіндегі жаңғыртулар ел игілігіне қызмет етеді»

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметовтің «Жайық Пресс» ақпарат агенттігі тілшілеріне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Аметов

 -Қазақ ықылым заманнан бері елдің ата дәстүрін заңмен теңестіре құрметтеген. Бүгінгі таңда сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында өңірімізде атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталсаңыз?

-Өңіріміздегі соттармен ең көп қаралатын істер - азаматтық және әкімшілік істер. Орал қаласының №2 сотында және мамандандырылған ауданралық экономикалық сотында облыс соттарымен қаралатын барлық істердің 83% қарайды. Орал қаласының әкімшілік сотында облыстағы барлық істердің 55% қаралады. Осыған байланысты бұл соттарда адамдар үшін ең қолайлы жағдай жасау туралы шешім қабылданды. Орал қаласының №2 соты мен Орал қаласының әкімшілік соты келушілер үшін барынша мүмкін болатын қолайлы жағдай жасалған жаңа жалпы көлемі 7400 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшірілді. Осы соттарда фронт-офис жасақталды. Жуық арада ашылады. Фронт-офис заманауи инженерлік-техникалық құралдармен, электрондық кезек жүйесімен, өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен, күту залымен және басқа да инфрақұрылыммен жабдықталатын болады. Мұнда ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі мен өзіне өзі қызмет көрсету аймақтары орналастырылатын болады, сондай-ақ адвокаттың, медиатордың, психолог-конфликтологтың кабинеттері жұмыс істейді, олар тегін кеңестік көмек көрсетеді. Жоғарғы Соттың «Соттағы татуластыру рәсімдері» жобасының аясында 2018 жылдың 3 мамырында Орал қаласының №2 сотында татуластыру кабинеті ашылды. Онда екі татуластырушы судья жұмыс істейді. Кабинеттің негізгі жұмысы жанжалды реттеуге, тараптар арасындағы қарым-қатынасты орнатуға,  жанжалжы шешудің өзара тиімді жолын табуға бағытталған. Кабинетте жайлылық пен құпиялылық орнатылып, әңгімелесуге жағдай жасалған.Осы уақыт арасында татуластырушы судьялармен 354 азаматтық даулар бойынша тараптар татуласып, медиациялық тәртіппен қысқартылды.Сонымен қатар, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Түнгі сот» және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта «Отбасылық сот» секілді пилоттық жобалары енгізіліп, қазіргі таңда тиімді жұмыс жасап жатыр.

 

-Жаңа өзіңіз айтқандай бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатырған жаңашылдықтың бірі Әкімшілік істердің түнгі сотта қаралуы және «Отбасылық соттың» іске асуы болып отыр. Осы «Түнгі сот» пен «Отбасылық сот» жобаларының басты тиімділігін айта кетсеңіз.

-2018 жылдың 25 мамырынан бастап Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды.

«Түнгі сот» жобасын енгізумен жалпы тәртіпте қаралатын әкімшілік істердің саны қысқартылды. Бұл жалпы сот төрелігін жүзеге асыруға әсер етті. Нәтижесінде, күндізгі уақытта судьяларға ауыртпалық айтарлықтай төмендеді, сондай-ақ күрделі істер бойынша жұмыс сапасын жақсарту үшін негіз болды.

Соттың жұмыс істеуі сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін белгіленуі көбінесе азаматтар үшін қолайлы болды. Жұмыс орнынан сұрануға, күндізгі жоспарларын бұзуға және күнделікті өмір ырғағынан ауытқуға қажеттілік туындамайды. Сонымен қатар, істердің әдеттегі 72 күн қаралудың орнына қысқа мерзімде 3 күнге дейін қаралады.

Мәселен, 2018 жылдың 6 айы ішінде «Түнгі сотта» 415 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, алайда бірде-бір сот актісі шағымданбады. Әдетте, көптеген құқық бұзушылық кешкі уақытта жасалады. Сондай-ақ жол-көлік оқиғалары да жиі орын алады. «Түнгі сот» жағдайында апат салдарын ең қысқа мерзімде жоюға, сонымен қатар зақымдалған көлік құралдары үшін сақтандыру төлемін алу тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік туындайды. Жол ережесін бұзудан басқа сотқа отбасылық және тұрмыстық құқық бұзушылықтар туралы, ұсақ бұзақылық, ұрып-соғу, сот актілерін орындамағаны және көші-қон заңдарын бұзғандығы туралы материалдар түсіп, қаралуда. Аталған санаттағы істер әкімшілік сотпен қаралған істердің 80% құрайды.

Жоғарыда аталған фактілер заманауи жағдайларда «Түнгі сот» қызметінің тиімділігінің және азаматтар үшін ыңғайлы уақытта істердің қаралуына қатысуға мүмкіндік беретіндігінің нақты куәсі болып отыр. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта «Отбасылық сот» жобасы енгізілді. Пилоттық жобаның мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне шаралар жасау. Бүгінде өркениетті елдердің біразында отбасылық соттар қызмет етеді және ол отбасыдан бастау алатын мейірімділік, ізгілік қасиеттерді сақтауды жүзеге асырып отырғаны анық. Жобаның нәтижесінде отбасылық даулардың 55% татуластыру тәртібімен шешілуде.

 

-Өңірімізде халықты мейлінше татуластыру рәсіміне тарту үшін қандай кешенді шаралар жүргізіліп жатыр?

-Медиация институтын жетілдіріп дамыту мақсатында әсіресе сотқа дейін медиация аясын кеңейту үшін медиаторлардың ортақ біртұтас  басқармасы органың құру туралы шешім қабылданды. Біздің облысты «БҚО қоғамдық медиаторлар Одағы» құрылды. Жалпы медиация жұмысын жеңілдету мақсатында былтыр өңірде елімізде тұңғыш рет «Цифрлы медиация» қанатқақты жобасы енгізілді. Оның арқасында қалаған тұлғалар медиаторларды оңай тауып, хабараласа алатын мүмкіндік алды. Нәтижесі бойынша 2115 дау-дамайға медиативтік келісім жасалды. Облыс әкімімен бірлесе отырып жергілікті БАҚ-та тұрғындарға медиацияның дамуы туралы үндеу жарияланды. Әлеуметтік желілерге еліміздің қоғамдық және мәдениет қайраткерлерінің аталған бастамаға қолдау білдіргендігі туралы бейне роликтер таратылды. Жергілікті атқарушы органның қолдауымен облыс орталығында Татуластыру орталығын ашу жоспарланып отыр. Жоғарыда айтып өткендей Орал қаласының №2 сотында татуластыру кабинеті ашылып, бүгінгі таңда тиімді жұмыс істеуде.

 

-Бұрын қазақта түрме мен соттың болмағанын, барлық дауларды халықтың өзі сайлаған билер шешкенін білеміз. Халық арасында ұсақ-түйек дауларды сотқа жеткізбей-ақ ауыл ақсақалдарының, яғни билердің араласуымен, кеңесімен шешу мәселесін билер соты деп соңғы уақытта өндіріске енгізілді. Тиімділігі мен нәтижесі туралы біле отырсақ.

-Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүниежүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді. Осы үрдісті жаңғырту үшін Облыстық сотпен билер кеңесінің ережесі дайындалып, ол облыс әкімімен бекітілді. Қазіргі уақытта өңірдегі 10 ауданның 95 ауылдық округінде Билер кеңесі құрылып, өзі жұмысын атқаруға кірісті.

 

-Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы іске асырылғалы бері барлық салада бәсекелестік қабілеттілік жолында бұл бағдарламаның маңызының зор екенін көрсетіп отыр. Осындай цифрлық технологияға көшкендердің алғашқысы сот саласы болатын. Соған сай сот саласындағы жаңа өзгерістер мен жетістіктердің көп екенін де айтуға болады. Сот құрылысын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы технологияларды енгізу облысымызда қалай жүргізілуде?

-Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кімшілік құқықбұзушылық туралы іс TrueConf  «Мобильді бейнеконференц байланыс» мобильді қосымшасы арқылы қаралды. Құқықбұзушы мен жәбірленуші сот отырысына қашықтан қатыста алды. «Виртуалды соттың» мақсаты – сот төрелігіне қол жетімділікті арттыру, сотпен кедергісіз қарым-қатынаста болуға мүмкіндік беру. «Виртуалды сот» жобасы азаматтардың цифрлық сауаттылығын жоғарлатуға, уақыттарын үнемдеуге, сонымен қатар сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды қолдануды дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалар онлайн режимде электронды түрде талап арыздар мен өтініштерін жолдауға, істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндігі бар. Қылмыстық істер электронды түрде жолданып, электронды түрде қаралуда. Барлық семинарлар мен кеңестер бейнеконференц байланыс арқылы өткізіледі. Сот процестерінің барлығынан аудио-бейне жазылады. Былтыр Жоғарғы сот пен Бас прокуратураның бірлескен «Заңдылық» ақпараттық-талдау жүйесін қалыптастыру жобасы жақсы нәтижеге жеткізді. «Заңдылық» қылмыстық сот төрелігінің ашықтығын, сапасын арттыруға, тиімсіз құжат айналымының және қылмыстық істерді тергеуде, сотта қарау кезінде заңның бұзылуына байланысты қатысушылардың шағымдарын төмендету үшін жасалуда. Сот саласындағы әрбір реформа азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауға бағытталған» сол бүгінгі күнде негізгі мақсат болып отыр.

 

-Жоғарғы сот төрағасы Судьялармен шығарылатын сот актілерінің халыққа түсінікті тілде болуы шарты туралы айтқан болатын. Бұл бағытта қандай шараларжүзеге асырылды?

-Судьялардың сауаттылығын арттыру, сот шешімдерінің ұғынықтылығын талап ету мақсатында, 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аудандық, қалалық судьяларға қойылатын жаңа нормативтік талаптар күшіне енді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2018 жылғы «29» тамыздағы № 6001-18-7-4/172 өкімімен бекітілген, сот актілерін жасауға және ресімдеуге жаңа талаптар қойылды, яғни үкімдер, қаулылар, шешімдер жаңа форматта жасалатын болды. Бұның негізгі мақсаты қарапайым шешімдер мен үкімдер халыққа түсінікті болу керек, мазмұны бойынша оңай, жеңіл, түсінікті тілмен жазылуы тиіс. Қазіргі барлық сот актілері аталған талаптарға сай жазылуда.   Сонымен қатар, әрбірі судьяның өзі қабылдаған сот актісін шығарудың негізі мен мазмұнын түпкілікті сот процесіне қатысушыларға жеткілікті тілде түсіндіру міндеттілігі қолданысқа енгізілді. Нәтижесі бойынша шағымдалған сот актілерінің көлемі азайды. Мәселен азаматтық істер бойынша шағымдалған сот шешімі 12%, қылмыстық істер бойынша-36%, әкімшілік істер бойынша -28% төмендеді.

 

-Еліміздің сот жүйесінде реформалар мен заңға енгіліген жаңа өзгерістер туралы айта отырсаңыз?

Ағымдағы жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі   Заң) қол қойды.

Заң шеңберінде 42 заңнамалық актіге, соның ішінде 11 кодекске түзетулер енгізілмек. Жалпы алғанда, меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелік институтына, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге қатысты түзетулердің 8 бөлігі көзделуде.

Бірінші бөлік банктік қарыз беру шарты бойынша тараптардың мүліктік құқығын қамтамасыз ететін түзетулерді қарастырады.

Екінші бөлік мемлекеттің мұқтаждықтары үшін жер телімін алу кезінде теңдей өтемді алуға жағдайлар жасайтын түзетулер көзделген.

Түзетулердің үшінші бөлігі мүлікті тәркілеу кезінде жеке тұлғалардың мүліктік құқықтарын қорғауға бағытталған:

Түзетулердің төртінші бөлігі экономикалық және салықтық құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге байланысты.

Бесінші бөлік сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған түзетулерден тұрады.

Түзетулердің алтыншы бөлігі салық заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін ұлғайтуды көздейді (Әкімшілік кодексінің 275, 278, 280-баптары).

Өзгерістердің жетінші бөлігі халықаралық актілердің ережелеріне сәйкес «Төрелік» туралы Заңды жетілдіруге бағытталған.

Сегізінші бөлік құқық қолдану тәжірибесі мәселелерін шешу үшін түзетулерді қарастырады.

 

-Сұхбатыңызға рақмет!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале