4.05.2017, 16:25
Оқылды: 84

Бекіре балығымен ұсталды

Bekire   «Бекіре-2017» жедел алдын алу шарасы барысында ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546-әскери бөлімнің жауынгерлері, кіші сержант Нұрболат Мағал, сержант Дайыржан Ілиясов жол-патрульдік қызметі қызметкерлерімен бірге Дамба-Атырау жолы бойында 27 жасар тұрғын айдап келе жатқан «Шевроле Aveo» автокөлігін тоқтатты.


       «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автокөліктен заңсыз ауланған 8 кг бекіре балығы табылып, тәркіленген.

       Аталған дерек бойынша Д. деген азаматқа қатысты ҚР ҚК 196-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

    Айта кетейік, бекіре аса бағалы және ерекше қорғалатын балық түрі болып табылады. Ол әрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале