17.11.2018, 17:58
Оқылды: 66

Оралда бір күнде үш спорт алаңы ашылды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның «Samruk-Kazyna trust» қоры былтыр өңірімізде әлеуметтік жобаларды бастағаны мәлім. Бүгін «Samruk-Kazyna trust» қорының қаржыландыруымен Оқушылар сарайына арналып салынған балалар ойыны және шағын футбол алаңының ашылуы болды.

IMG_0038

Оған қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мұндай нысандардың маңыздылығына тоқталды.

«Samruk-Kazyna trust» қорының өкілі Кәкім Тілеушевтіңсөзінше, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында былтырдан бері елімізде балаларға арнап 41 ойын және спорттық алаң салынса, соның 12-сі біздің өңірімізге тиесілі. Қор бұдан басқа да әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысуда. Мысалы, былтыр облыстағы үш түзету мектебіне арнайы құрылғылар және 20 мектепке спорттық құрал-жабдық сатып алып берген. Және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін іске қосқан.

Шара кезінде Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев әлеуметтік жобаларға демеушілік танытқан «Samruk-Kazyna trust» қорының өкілі Кәкім Тілеушевке алғысхат табыстап, футбол алаңында жаттыққан оқушыларға теңбіл доп сыйға тартты. Әкімнің айтуынша, соңғы екі жылда қаладағы көпқабатты үйлердің 50 ауласы абаттандырылып, бес тынымбақ, 25 жаңа спорт алаңы салынған. Сондай-ақ «Samruk-Kazyna trust» қорымен бірлесіп Оралда мүгедек балаларға арналған бейімдеу орталығын салу жоспарлануда. Мұрат Мұқав бүгін қала бойынша ҚР тұңғыш Президенті алаңы жанында, Оқушылар сарайы алдында және Матросов көшесі бойында демеушілер көмегімен үш жаңа спорттық алаң пайдалануға берілгенін айтты.

IMG_0053

IMG_0023

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале