3.08.2020, 16:56
Оқылды: 130

Бір мектепке – қос жоба

Бөкей ордасы ауданындағы М.Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты күрделі жөнделуде. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғали Есқалиев күрделі жөндеу барысымен танысты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында мектепті жөндеуге 218 млн. 939 мың теңге жұмсалады.

2E63074D-BB65-4EE8-B14F-CB6F2C2FB4C2

Бөрлі ауылындағы мектеп 1985 жылы салынған. Мектепте 253 оқушы білім алады. Мектеп директорының міндетін атқарушы Тимур Қабдығалиевтің айтуынша, жөндеу жұмысы мамыр айында басталған. Қазіргі уақытта есік-терезе жаңадан қондырылуда, ішкі қабырғасына сылақ жүргізіліп, ақтау, сырлау жұмысы қолға алынған. Мектеп асханасында бір мезгілде 55 бала тамақтанатындай жағдай жасалмақ.

5492C1AA-4652-403B-AA99-A676B527F52D

«Қалдығайты» ЖШС күрделі жөндеуді тамызда аяқтауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, аталған бағдарлама ауқымында білім ошағы үшін тағы бір жоба қарастырылған. «Ингострой» ЖШС мектептің екі ғимаратын байланыстыратын дәліз салуда. Оған 15 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылыс аумағы – 115,6 шаршы метр. «Әсіресе қысқы суық кезінде екі корпус арасында қатынау мұғалімдер мен балаларға қиын. Жаңа дәліз қалқан болады. Мектеп жертөлесі де түгел жаңғыртылады», – деді Тимур Қабдығалиев.

04EC16AC-92AF-4BA1-8EE9-F9236D82B4C5

Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларының жүзеге асуы, жаңа құрылыс нысандары мен инвестициялық жобалар жөнінде баяндады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев мердігерлерге уақтылы қаржы бөлінгенін, енді құрылыс жобасын сапалы жүргізіп, қадағалаушы мекемеге тиянақты тапсыруы керектігін қадап айтты.

FF808940-0EA6-4560-9E69-59EC1ABAB157
9692E2D7-B2D1-424B-815E-090B03FE9265

6703A160-32ED-47A7-BE8E-9FE1C7FC9018

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале