28.02.2017, 20:21
Оқылды: 30

«Бір терезе» қағидасымен қызмет көрсету жобасы қолға алынады

received_10208543118947875          Облыс әкімдігінің үлкен залында кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған жиында Н.Қайыршин кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы мен «Даму» қорының филиалында «бір терезе» принципімен кәсіпкерлерден құжаттар қабылдаудауды бір күні, бір жерде өткізу жөнінде ұсынысын білдірді. Мұны облыс әкімі құп алды.


-Әлі күнге дейін кәсіпкерлер бизнесті дамытуға жер телімін алу үшін көп жерлерден құжаттар жинайды. Сондықтан «бір терезе» қағидасы сақталуы үшін біз «Даму» қорының базасында барлық коммуналдық кәсіпорындардың, тиісті рұқсат қағаздарын беретін мемлекеттік органдардың өкілдері мөрлерін алып, бір күні жиналатын болып келіскенбіз. Жерді алып алып, бір аптадан кейін саттыққа шығаратын дар да бар. Сондықтан кәсіпкерлікпен айналысамын деп сенім туғызатын азаматтардың қолынан жетелеп, барлық комиссиялардан өтуіне кедергілерді мейлінше азайтайық. Бизнес ашамын деген адам бір есіктен екінші есікке жүгірмесін, қолына «кілт» ұстатайық. Барлығы заң аясында жүзеге асырылады. Оған барлық даму институттары субсидиялау, несиені қолдау көрсетсін, жобаны пысықтап, іске қосалық. Аудандарда да осындай «бір терезе» қағидасын кәсіпкерлерге жасауымыз керек, - деді Алтай Көлгінов.

Гүлбаршын Әжігереева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале