21.05.2019, 11:04
Оқылды: 81

Бірғаным Әйтімова бәйтеректік оқушыға ноутбук сыйлады

Сенат депутаттары Бірғаным Әйтімова, Серік Бектұрғанов, Сергей Ершов, Нариман Төреғалиев, Бақытжан Жұмағұлов, Ерболат Мұқаев, Динар Нүкетаева, Ғұмар Дүйсембаев іссапармен Бәйтерек ауданында болды.

deputat (3)

Олар алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысымен танысты.

Сенат депутаты Бірғаным Сарықызы атаулы әлеуметтік көмектің көрсетілуі жөнінде сұрап білді.

- Жоспар бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 450 адам деп белгіленді. Қазіргі таңда 400-дей өтініш қабылданды. Түсіндіру жұмыстары құжат қабылдау кезінде жүргізіледі. Сонымен қатар апта сайын осы жерде халықпен кездесеміз, одан бөлек, ауылдық округтерге шығып түсіндіреміз, - деді аудан әкімі Асхат Шахаров.

deputat (4)

Бүгінде Бәйтерек ауданында әлеуметтік жұмысқа 28 адам, жастар практикасы бойынша 11 адам жұмысқа орналасса, 26 адам қысқа мерзімді оқуға жолданған.

Депутаттар атаулы әлеуметтік көмек жайын егжей-тегжейлі білген соң мұнда келген тұрғынның бірімен тілдесті.

Әділжан Аюпов А.Иманов атындағы коллежді эксковатор-машинист мамандығы бойынша бітірген. Қазір 19 жаста. Жасы 21-ге толмағандықтан мамандығы бойынша қызметке орналаса алмаған. Енді жастар тәжірибесімен жұмысқа орналаспақ.

- Жалғызбасты қариялар мен өзге де көмекке мұқтаж жандар көмек көрсететін 109 әлеуметтік қызметкер бар. Оларға 3 меңгеруші мен 4 консультант жұмыс жасайды. Бір бөлімшеде бір адамға 80 адамнан келу керек. Бірақ көмекке мұқтаж адамдар әлі де көп. Қазір ауданда 560-тай адам осындай қызмет алады. Ай сайын бізге шамамен 10-15 адам жолығады, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов.

deputat (5)

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарып отырған жұмыстарымен танысқан депутаттар Бірғаным Әйтімова мен Динар Нүкетаева Оңғарбай Абылаевтың шаңырағына барды. Бұл отбасы Переметныйға 2008 жылы Өзбекстаннан көшіп келіп, алдымен уақытша тұруға баспана сатып алады. Кейін сол баспананың жанынан еңселі үй көтеріп, шаруасын тіктейді. Отбасы ерінбей еңбек етіп, қолдағы малдың өнімін саттыққа шығарып, несібесін айырып отыр.

- Қазір он бас сауын мал бар. Сол малдан өндірілген сүт өнімдерін сатамыз. Бір ірі қарадан шамамен 10-15 литр сүт аламын. Одан қаймақ-май және құрт жасап, қаладағы базарларға апарамын. Жалпы тапқан табысымыз жаман емес, - деді отанасы Гүлшат Иманқұлқызы.

Олар былтыр 1 500 000 теңге грант ұтып алып, оған аппарат, өнім сақтайтын тоңазытқыштар сатып алған.

Бірғаным Әйтімова бұл отбасының қызы Жансаяға ноутбук сыйға тартты.

deputat (2)

Сапар соңында Бірғаным Әйтімова мен Динар Нүкетаева кәсіпкерді қолдап, қаймақ-май мен құрт сатып алды.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

deputat (6)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале