30.04.2020, 14:31
Оқылды: 79

«Birgemiz» акциясы аясында 500 отбасыға азық-түлік және гигиеналық заттар тегін таратылды

Бүгін Орал қаласында «Birgemiz» акциясы аясында 500 отбасыға  азық-түлік және гигиеналық заттар тегін таратылды.

E740A90D-7AF5-4EC2-A1E9-E6C025202003

Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Biz birgemiz» акциясы жалғасуда. Бұл акцияның мақсаты - еліміздің барлық халқы үшін күрделі кезеңде қала халқының әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету. Осы акция аясында облысымыздың кәсіпкерлері, меценаттары, депутатық фракция мүшелері және партия белсенділері қайырымдылық жасап, мұқтаж адамдарға  көмек көрсетуде.

7E5931FF-23F9-4464-B7EA-D19EC6A019DF

- Мұндай қиын сәтте жеке жауапкершіліктен бөлек мемлекеттің әлеуметтік қамқорлығы аса маңызды. Төтенше жағдай кезінде мемлекет пен «Birgemiz» қоры мұқтаж отбасыларға қарқынды көмек көрсетіп келеді. Осындай үлкен істердің атқарылуына еріктілердің де еңбегі зор. Олар күн сайын антисептик, азық-түлік және бетперде таратуда,- деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.

45F16F27-A3D7-4FAF-807E-D20930F90CD6

Ауқымды қайырымдылық акция ағымдағы жылдың 20 наурызында бастау алды. Бүгінгі таңда облыс бойынша  4234 отбасы қамтылған. Карантин мерзімі біткенше ұйымдастырушылар өтініш білдірген тағы 500 отбасын қамтуды жоспарлап отыр. Осылайша БҚО-да 5000-нан астам отбасына азық-түлік себеті үлестіріледі.

Айта кету керек, бүгінде акцияға журналистер, белгілі блогерлер, сондай-ақ облыс спортшылары мен әртістері атсалысуда.

4CC0D902-1348-4400-93F2-881D7D49E2ED

- Мен қайырымдылықпен айналысып, мұқтаж адамдарға  көмектескім келеді. Бүгін осындай мүмкіндік туды, босқа үйде жатпай карантин кезінде халыққа көмектесіп, көпбалалы аналарға, мүгедектерге көмектесуге өзімнің ниетіммен келдім,- деді волонтер Саламат Сәрсенбай.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған "Bir birgemiz" қайырымдылық акциясы - бұл әркім жақсы іс жасай алатынының жарқын мысалы. Ел үшін қиын кезеңде жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық та маңызды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале