22.05.2020, 8:41
Оқылды: 382

Бірінші республикалық пәндік онлайн олимпиадаға 150 мыңнан астам оқушы қатысты

Бірінші республикалық пәндік онлайн олимпиадаға 150 мыңнан астам оқушы қатысты, деп жазады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

E6DBC36B-0BA1-475A-9395-9D46CC96BCA4

«Онлайн олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында тегін өткізілді. Оларға математика, физика, химия биология, география, информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерін қамтитын көпдеңгейлі әр пән 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындау ұсынылды», делінген хабарламада.

44682AE6-4A0C-427E-9C3B-B809943BC1B0

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің дипломдары электронды форматта daryn.kz сайтында 25 мамырға дейін жарияланады. Олимпиаданың ережесіне сәйкес қатысушылардың 25 пайызы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале