8.08.2018, 15:09
Оқылды: 31

Бірқатар шетелдік телеарналардың Қазақстан аумағында хабар таратулары тоқтатылды

Бұл жайлы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Қазір Қазақстанда 307 шетелдік теле-радио арна тіркеуде тұр. Олардың қызметін реттеу мақсатында біздің министрлік жыл басында заңнамаға түзетулер енгізді. Оған сәйкес шет елдік арналар Қазақстан Республикасында өз өкілдігін ашуы міндеттелді. Барлық талаптарды орындау үшін жарты жыл уақыт та берілді. 219 телеарна қазір тиісті талаптарды орындады. Министрлік қалған 88 арнаның ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрықтар әзірледі» деп жазды министр фейсбук желісінде. 

Министрліктің сайтында: «Министрлік «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 42-бабы 9-1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) тіркемеген, барлық шетелдік теле және радиоарналардың тіркелгені туралы куәліктерін қайтару туралы шешім шығарды. Бұл өз кезегінде аталған теле және радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағында хабар тарату құқықтарын жояды.  Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 307 шетелдік теле және радиоарналар тіркелген, олардың 219-ы өз өкілдіктерін ашты, ал 88-і ашпаған.

2018 жылдың басынан бастап Министрлік өз өкілдіктерін ашпаған, шетелдік теле және радиоарналардың иелерімен өз қызметін Қазақстан заңнамасы талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Қазақстан аумағында хабар таратуын жалғастыруға қызығушылық танытатын шетелдік теле және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет» делінген.

Қазақстан Республикасы аумағында өз өкілдіктерін ашпаған телеарналар тізімі

 (08.08.2018 күнгі дерек)

Телеарна атауы
Киносоюз
НТВ-ПЛЮС 3D
КИНОЛЮКС
HD Кино 2
СПАС
MUSICBOX
RUSSIAN MUSICBOX
RU.TV
Amazing LIFE
Радость моя
Дождь
Стайл (Styletv)
Fashion TV
Fashion TV HD»
Ля-минор ТВ
Бридж ТВ
RTG TV, Russian Travel Guide
РУСОНГ ТВ/RUSONG TV
Russia Today TV
RT Documentary/ Документальный телеканал
Знание
ЮМОР BOX
ЕДА
World Business Channel
Первый Интернет Канал
VIP TV
Бойцовский клуб
Luxury World
ТОЧКА ТВ
Nautical Channel (Морской)
TOPSHOP TV
Русское экстремальное телевидение (Russian Extreme TV) в формате высокой четкости (HD)
Ювелирочка
Театр
ДЭНЖ ТВ/ DANGE TV
Нано-ТВ (Nano-TV)
БУЛАТ
ТРО
Улыбка ребенка
Телерадиосеть Благих Новостей
Джей Си Ти Ви
Кто есть кто
Первый образовательный
Парк развлечений
Боец
Всегда с тобой
Дамский клуб
Футбол
Русское экстремальное телевидение
Спорт 2
АйДи Фешн
Спорт 1
1+1 International
Интер плюс (Интер+)
Universal Channel
Diva Universal
Chasse et Peche
Е!
Travel Channel
Travel Channel HD
ИЭСПИЭН Классик Спорт
Sky News
Sky News HD
Baby TV
Outdoor Channel HD
Fine Living/Файн Ливинг
Fox News Channel
Fox Business Network
Bloomberg Television
24 Kitchen
24 KitchenHD
MOTORS TV
MyZen.TV HD
France 24
TV5MONDE Asie
TRACE URBAN
TRACE SPORTS
Чеченский государственный телерадиоканал «Грозный»
АТВ
LUXE TV HD
CNBC
AlmaSport
Food Network SD
Food Network HD
Food Living Network HD
Спутниковое телевидение Дагестана
KBS World
THT-Comedy
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале