15.02.2018, 19:00
Оқылды: 17

Бірлікке ұйыған бөкейордалықтар

20180215_190022Бүгін Орал қаласында бөкейордалық жерлестер қауымдастығының мүшелері бас қосты.

Жиында Бөкей ордасы ауданының əкімі Нұрлан Рахымжанов былтыр атқарылған іс-шаралар жөнінде баяндады. Аудан əкімі елді мекендерді газдандыру, су құбырын тарту, асыл тұқымды мал басын көбейту бағытында жасалып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.

Бөкей ордасында биыл 1 млрд. 750 млн. теңгеге 11 елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі. 2013 жылы қарауында ірі қара саны отыздан асатын 87 шаруа қожалығы болса, былтыр олардың саны 250-ден асқан. Мемлекеттен асыл тұқымды мал басын көбейтуге шаруа қожалықтарына 552 млн. теңге демеуқаржы бөлінді. Ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 150 млн. теңге инвестсубсидия берілді.

"Нұрлы жер" бағдарламасы ауқымында аудан орталығында жаңа баспаналар бой көтеруде. Əкімнің айтуынша, атқарылып жатқан игі істермен қатар, бірқатар өзекті мəселелер де бар.

Мəселен, аудан аумағындағы автожолдар күрделі жөндеуді қажет етеді. Аудан бойынша интернет жиілігі нашар, сол себепті электронды қызмет сапасы төмендеген.

- Жерлестер, рухани жаңғыру аясында "Туған жерге тағзым", "Атамекен" бағдарламалары аясында ауданның көркеюіне үлес қосатын кез келді. Əсіресе, жастар, көзі қарақты азаматтар осы үндеуімізге назар аударса, - деді Нұрлан Рахымжанов.

Жиында облыс орталығында əр сала бойынша лауазымды қызмет етіп жатқан тегі бөкейордалық азаматтар сөйлеп, аудан аумағын құм басып, тұщы су қоры азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Аудан əкімі бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Шарада қауымдастық мүшелері төраға етіп бірауыздан Мұқас Спандияровты тағайындады. "Ғылыми зерттеуді қолдау қорының" жетекшісі Айболат Құрымбаев қауымдастық жоспарымен таныстырды. Онда Бөкей ханға жəне Мəншүк Мəметоваға арнап Астана жəне Орал қалаларында ескерткіш жасау, ханның есімін ауылдарға, көшелерге қою, аудан аумағына тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастыру, Мұратсай су қоймасына келетін Еділ суын көбейту, рухани жаңғыру мақсатында мəдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру секілді іс-шараларды өткізуге үн қосу, қолдау, аудан əкімдігімен бірлесе атқару белгіленген.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале