22.12.2017, 12:19
Оқылды: 35

Бірыңғай есеп орталығы коммуналдық төлемге комиссия алмайды

Smart-sity«Smart City» тұжырымдамасының аясында «Қазпошта» АҚ-ның облыстық филиалы, «Батыс су арнасы» ЖШС және «Жайықжылуқуат» АҚ тараптары бірыңғай есеп орталығына коммуналдық қызметтерді қосу туралы меморандумға қол қойды.

Басқосуды ашқан Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша қалада атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. «Шаһар шаруашылығын цифрландырудың алты жобасы іске асырылуда. Оның біріншісі «Ашық әкімдік», одан кейінгісі қоғамдық көлік саласындағы жолақы төлеу, қоғамдық қауіпсіздік жобалары. Соның бірі оңтайландырылған коммуналдық төлемдерді бір орыннан төлейтін жобаны жүзеге асырмақпыз. Бұл жоба қала тұрғындарына ыңғайлы әрі қолайлы жағдай жасау мақсатын көздейді. Тиімділігі, біріншіден, комиссиясыз, екіншіден, тұрғындардың уақыты мен қаражатын үнемдейді», - деді Мұрат Мұқаев.

Қазіргі уақытта тұрғындар коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялардан төлемақы жөнінде бірнеше түбіртек алады. Оны төлеу үшін уақытын жұмсайды, төлемақы төлегені үшін комиссия, яғни ақша шығындайды. Енді жағдай өзгереді: бұрынғы түрлі түбіртектің орнына бар болғаны бір құжат беріледі. Сөйтіп коммуналдық қызмет көрсетушілерге төлемақыны бір жерден төлеуге мүмкіндік беріледі.

-«Қазпошта» компаниясы «Батыс су арнасы», «Жайықжылуқуат» кәсіпорындарымен меморандумға қол қойып отырмыз. Алдағы уақытта өзге коммуналдық және сервистік қызмет көрсетушілермен келісімшарт жасаймыз. «Қазпоштаның» өңірдегі барлық бөлімшесі бірыңғай есеп орталығы жүйесіне қосылғаннан кейін тұрғындар төлемақыны комиссиясыз бір жерден, пошта бөлімшелерінен төлей алады, - деді «Қазпошта» облыстық филиалының директоры Динара Хасанғалиева. Оның айтуынша, бірыңғай есеп орталығы – тұрғындар үшін комиссиясыз барлық коммуналдық төлемдерді бір орталықтан төлеу үрдісін оңтайландыру мақсатында құрылған жүйе. Бұл жүйе Оралда 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап жұмыс істейді.

Одан басқа бірыңғай түбіртек бойынша коммуналдык төлемдерді «Қазпоштаның» post.kz (комиссиясыз) порталы және екінші деңгейдегі банктер («Каsрі Ваnk», «Казкоммерцбанк», «Халык банк», КИВИ төлем жүйесі және т.б.) сервистері аркылы тегін төлеуге мүмкіндік болады. Сондай-ақ тұрғындар пошта сайтынан берешегі, төлемақы «тарихы» жөнінде мәліметтермен таныса алады.  Мұның барлығы төлемақыны төлеу үшін кезекке тұру машақатынан құтқарып, ақшамыз бен уақытымызды үнемдеуге көмектеседі. Ал коммуналдық кәсіпорындардың кызметтердің шот-хабарламаларын  жасауға, басып шығаруға, жеткізуге, қолма-қол ақшаны инкассалауға, меншікті кассаларды ұстауға жэне көптеген процестерді сүйемелдеуге жұмсалатын шығындары азаяды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале