29.10.2019, 17:17
Оқылды: 517

Биыл батысқазақстандық айтыскерлердің жетістіктері мол

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев тілшілерге өткізген баспасөз брифингінде айтыс ақындарының биылғы жеңістерін ерекше атап өтті.

aitys (2)

Басқарма басшысының айтуынша, биыл облысымыздағы  айтыс  ақындарының жетістіктері мол. Атап айтсақ, Жансая Мусина Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Береке бірлігіңде, елім» атты республикалық ақындар айтысының жеңімпазы атанды.

aitys (3)

Талғат Мықи Шығыс Қазақстан облысында өткен Тәуке Жұмықұлының 340 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында, ақын Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жыр жұлдызы – Фариза» атты республикалық ақындар айтысы мен Қызылорда облысы Жалағаш ауданында өткен айтыста жүлделі І орын алды.

aitys (6)

Мұрадым Мирланов Атырау облысында өткен айтыскер ақын Салауат Исақаевты еске алуға арналған аймақтық ақындар айтысында бас жүлдені иеленіп, Эльдар Ихсанов Атырау облысында өткен Қазақ мұнайының 120 жылдығы және Мақат ауданының 95 жылдығына арналған аймақтық айтысында І орынды қанжығасына байлады.

aitys (1)

aitys (4)

Бауыржан Ширмединұлы Қарағанды облысында өткен Сәкен Сейфуллинннің 125 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында І орынды жеңіп алып, Айнабек Бисенғалиев Қостанай облысындағы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Бейімбеттің биігі» атты республикалық ақындар айтысында арнайы жүлденің иегері атанды.

aitys (5)

Нұрлыбек Нұрланұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале