15.02.2020, 10:44
Оқылды: 113

Биыл БҚО-да 26 мыңнан астам халқы бар 24 ауылға таза ауыз су жетеді

Қазір БҚО халқының 86,8% таза ауыз сумен қамтылған. Бұл жайлы БҚО әкімі Ғали Есқалиев халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешов, облыстық басқарма, департамент басшылары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

46eba222-5bd1-4f83-a1f0-1e4f4b66b0fb

- Ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында 2019 жылы 6 мың адам тұратын Теректі және Казталов аудандарының 16 ауылын газдандыруға бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді.

Өткен жылдың қорытындысымен 3,5 мың халқы бар Казталов ауданың 9 ауылын газдандыру жұмыстары аяқталды.

Осы жылы Теректі ауданының 7 ауылын газдандыруды аяқтауды және Ақжайық ауданының 4 ауылын газдандыру жоспарлануда.

2981274c-a6c6-44e6-9247-1118ea625658

2019 жылы 32 мың халқы бар 23 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылды. Нәтижесінде халықтың орталықтандырылған сумен қамту үлесі 81%-дан 86,8%-ға дейін көтерілді.

2020 жылы 26 мыңнан астам халқы бар 24 ауыл таза ауыз сумен қамтылатын болады. Осы мақсатта 6 млрд. теңге бөлінді, - деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале