28.08.2017, 18:35
Оқылды: 31

Биыл БҚО-да 500 шақырым автомобиль жолы жөнделуде  

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде осылай деді.


Өңір басшысы баяндамасында ағымдағы жылы облыс көлеміндегі төселетін немесе қайта жөнделетін автомобиль жолдарының ұзындығы 500 шақырымды құрайтынын айтты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп екен. Сонымен қатар төрт бағыттағы республикалық маңыздағы жолдардың жөнделуі жалғасуда. Ағымдағы жылы бұл бағытта 155 шақырым жол төселіп, өңірімізде «Нұрлы жол» бағдарламасымен қолға алынып жатқан Саратов бағытындағы күре жолдың басым бөлігінің құрылысы аяқталмақшы. Қалған 18 шақырым жолдың жөнделуі келер жылдың еншісінде екен. Сондай-ақ облыстық және аудандық маңыздылығы бар 127 шақырым жолдарды жөндеу жұмыстарына 7 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Оның сыртында 5 миллиард теңгені құрайтын қаржыға қала және аудан-ауылдардағы 140 шақырым жол жөнделуде.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале