15.02.2020, 10:51
Оқылды: 370

Биыл БҚО-да 7 шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі басталды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешов, облыстық басқарма, департамент басшылары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

acc9ffdb-98ea-4322-8e04-014a39e2d2ac

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Орал қаласында 900 орындық концерт залы бар Мәдениет Сарайының құрылысы басталды.

Орал қаласында үш,  Жәнібек және Теректі ауданында екі community-орталығы ашылған. Облыс әкімі мектеп және колледждерде community-орталығын ашуды тапсырды.

Оралда әлемдік деңгейдегі спортшылар дайындау мақсатында өңірде 250 орындық спорт-мектебі және 150 орындық интернат кешені пайдалануға берілді. Интернатта олимпиададағы спорт түрлеріне баса назар аударылады.

5c0fad20-ef9a-47d2-a6ea-4d34a9dfff9c

- Ең бастысы – ауылдан шыққан дарынды спортшыларымыз еш алаңсыз заман талабына сай интернатта жаттығып жүр.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бізге берген әр ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу тапсырмасы бойынша Жәнібек және Жаңақала аудандарында 2 кешеннің құрылысы басталып кетті. Осы жылы облысымыздың 6 ауданында 7 бірдей дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Облыс бойынша 50 спорт алаңы салынды. Өңірде 13 республикалық чемпионат ұйымдастырылып, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 4 мыңға жуық әртүрлі спорт шарасы өтті, - деді  облыс әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале