16.02.2019, 13:52
Оқылды: 26

Биыл БҚО-да ауқымды жобалар бар

Бүгін тұрғындармен есепті кездесу барысында облыс әкімі Алтай Көлгінов биылғы жылдың үлесіндегі жоспарлы жұмыстармен де бөлісті.

көлгінов

Өндіріс саласында «Конденсат» АҚ техникалық майлар, сұйытылған газ, полиэтилен, полипропилен секілді өнім өндіретін екі зауытты іске қосатын болды.

Өңірдегі жиһаз өндіруші «Квант» кәсіпорыны экспорттауға бағытталған жиһаз фабрикасын ашса, «Орал трансформатор зауыты» саласын кеңейтіп, радиатор өндірісін қолға алуда. Сондай-ақ «Жасыл экономика» аясында тұрмыстық қатты қалдықтар өңдеу саласы іске қосылуда. Агроөнекәсіп бойынша жылына 13 мың тонна өнім өндіретін екі жылыжай салынуда. 30 мың бас мал бордақылауға есептелген 7 бордақылау алаңы іске қосылады. Сондай-ақ 1200 сауын сиырға шақталған екі сүт өндіру кешені салынатын болады. Үш кәсіпорын 20 мың тонна көкөніс және дәнді дақылдар сақтайтын қойма жасақтауды жоспарлауда. Өңірдегі туризм саласын дамуту мақсатында заманауи, бес жұлдызды қонақ үй бой көтереді.

Сонымен қатар облыс орталығында «КПО б.в» компаниясының қолдауымен Мәдениет сарайын салу жоспарланып отыр. Зашаған кентінің аумағында жаңа «Ақжайық» ауданына инженерлік желілер тарту жұмыстары да қардынды атқарылуда. Көлемі 750 гектарды құрайтын бұл ауданда 150 көп қабатты тұрғын үй, 8 мектеп, 9 балабақша салынады деп жоспарланған.

Облыста апаттық жағдайдағы 5 мектептің орнына құрылыс салу үшін тиісті жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Орал қаласының аумағында үш ауысымдылықты жою мақсатында 7 жаңа мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Нұрбек Оразаев,

Суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

IMG_0821

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале