15.02.2020, 10:57
Оқылды: 53

Биыл БҚО-да геоақпараттық портал іске қосылады

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі басталды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешов, облыстық басқарма, департамент басшылары, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

Цифрландыру Министрлігінің рейтингі нәтижесінде Орал қаласы цифрландыру бойынша үздік үштікке кіреді.

84873034-b90a-4788-86c8-34da2928e334

-Өткен жылы 60 ауыл интернет желісіне қосылса, биыл тағы 31 ауыл интернетке қосылады.

БҚО-да былтыр 2 млн.-ға жуық  мемлекеттік қызмет түрінің 73 пайызы электронды форматқа көшірілді.  Биыл бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткіземіз.

akimat jedel jeli (9)

Цифрландыру аясында бірыңғай ІKomek109 Uralsk call-центрі іске қосылып, 24 сағат бойы жұмыс жасауда. Тұрғындардан осы уақытқа дейін 24 мыңнан аса қоңырау түскен.

Биыл БҚО-да геоақпараттық порталды іске қосу жоспарлануда. Бұл портал жер телімдеріне мониторинг жасап, мақсатты түрде пайдалану үшін тиімді болмақ, - деді облыс әкімі.

сурет: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале