9.01.2018, 18:09
Оқылды: 121

Биыл БҚО-да Ғұмар Қараштың кесенесі салынады

Бұл жайлы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев айтты.

Аталмыш басқарма «Рухани қазына» кіші бағдарламасын БҚО бойынша үйлестіруші болып бекітілген. Оның «Туған жер – туған ел» базалық бағыты бойынша 66 іс-шара, соның ішінде 12 жоба, «Қасиетті Қазақстан» аясында 25 шара, ондағы 3 жоба, «Қазіргі Қазақстанның мәдени жетістіктерінде» 5 іс-шара, соның ішінде 4 жоба белгіленді. Өткен жылға жоспарланған индикатордың бәрі орындалды.

Биылғы жобалардың ішінде Жәнібек ауданында қазақтың  көрнекті  ақыны,  ағартушы-ойшыл, философ, «Алаш»  партиясын  қолдаған қоғам  және  дін  қайраткері Ғұмар Қарашқа (1875-1921) кесене салу жоспарланған. Құны 8 млн. теңге болатын жоба меценаттар көмегімен жүзеге аспақ.

Сәкен Әбілхалықов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале