12.11.2019, 11:53
Оқылды: 139

Биыл БҚО-да кезекте тұрған адамдарға 1080 пәтер беру жоспарланған

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз брифингі өтуде.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 16 млрд. теңге бөлініп, Орал және Ақсай қалаларында 17 көп қабатты үй, ауылдарда 117 үй салынуда. Бұл үйлердің жалпы көлемі 3 мың шаршы метр.

 dom (5)

Жыл қорытындысында кезекте тұрған адамдарға 1080 пәтер беру жоспарланған.

-Биыл әлеуметтік жағынан аз қамтылған 394 отбасы пәтер кілтіне ие болды. Оның 243-і көп балалы отбасылар. Сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен биыл 386 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале