12.12.2018, 18:34
Оқылды: 36

Биыл БҚО-да жер телімдері саудаланған 14 аукцион өткен

-Өткен жылы облыс аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауданы 51,6 мың гектар болатын 94 жер телімін пайдалану құқығын беру бойынша 12 конкурс өтті. Соның жалпы ауданы 29,5 мың гектар 58 жер телімі пайдалануға берілді. Биыл 11 ауданда 250 жер телімі бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану құқығын беру үшін 23 конкурс өткізілді. Олардың жалпы ауданы 163 мың гектарды құрайды. Бөрлі, Тасқала аудандарындағы конкурстар электрондық түрде zem.kz порталында өтті. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 119,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 177 жер телімі ұсынылды, - деді Әлия Биғазықызы.

aukcion

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекет меншігіне қайтарылған жалпы ауданы 75,4 мың га 116 жер телімін ұсыну бойынша 8 конкурс өткізілмек.

2018 жылы өңірде ауданы 34,5 га болатын 84 жер телімін коммерциялық мақсатқа жалға алу құқығын сату бойынша 14 аукцион ұйымдастырылды. Мұндай жер телімдеріне жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукциондар zem.kz порталында, Ақжайық, Қазталов аудандарында өткізілген. Жалпы 83 млн. 730 тыс. теңгеге  ауданы 25,2 га болатын 53 жер телімі саудаланған.

Гүлбаршын Әжігереева,

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале