28.02.2017, 12:52
Оқылды: 23

Биыл БҚО-ға 80 жас дәрігер келмек

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңесте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Н.Жұмағұлова айтты.


Оның айтуынша, облысқа тар шеңберлі 55 маман жетіспейді. Өңірді жетіспейтін мамандармен қамту мақсатында басқарма басшылығы Ақтөбедегі еңбек жәрмеңкесіне арнайы барып қатысқан. Осы жұмыстардың нәтижесінде Ақтөбе медициналық академиясынан биыл түлегелі отырған батысқазақстандық 80 жас облысқа жұмыс істеуге келмек. Олардың 40 шақтысы ауылдарға жұмысқа барады, ал 4 терапевт маман Оралдағы жедел жәрдем ұжымын толықтырады.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале