5.09.2019, 18:50
Оқылды: 75

Биыл БҚО-ға келген туристер саны 18 пайызға артқан

Бұл жайлы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланған облыс активінің жиынында облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты.

maslihat

 -Өңірлерді дамытудың берік негіздерінің бірі ретінде Президент туризмді дамытуды атап өтті. Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол салып, білікті мамандар даярлауды қамтамасыз етуді тапсырды. Батыс Қазақстан облысы бойынша туристік орындарды тамашалауға келген адамдардың саны өткен жылмен салыстырғанда 18,4%-ға көбейген. Өңірдегі киелі орындардың туристік маршруттары, облыстың интерактивті картасы дайындалды. «Бөкей ордасы тарихи-өлкетану музей-қорығы, «Жұмағазы Хазрет» кешені, «Алаш Орда» музейінің 3D-моделді виртуалды турлары жасақталды. Аталған орындарға инфрақұрылым тарту мәселесі қолға алынуда.

«Орал» халықаралық әуежайын жаңғырту жұмыстары шілде айында басталды. Сондай-ақ облыс орталығында халықаралық қонақүйдің құрылысы да басталды. Бұл жұмыстар міндетті түрде туризмнің дамуына өз үлесін қосары анық,-деді облыс әкімі.

Динара  Жұмабекқызы,

суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале