6.06.2019, 21:10
Оқылды: 144

Биыл БҚО-ның 40 елді мекені таза сумен қамтылады

«AQJAIYQ» арнасында өтіп жатқан «Әкім сағатында» облыс әкімі Алтай Көлгінов облысты сумен қамту жұмысы жайлы баяндады.

WhatsApp Image 2019-06-06 at 18.30.48

         -Бір-екі жыл бұрын Бөкей ордасы ауданы орталығында орталықтандырылған тазау су болған жоқ. Тап осындай мәселе Жәнібек ауданында, Жаңақала ауданының 70 пайызы таза суға қол жеткізе алмай отырды. Қазір бұл мәселе шешілді. Соңғы екі жылда облыстағы 110 елді мекенге таза ауыз су жеткізіліп, 2000 шақырым су құбыры тартылды.

         Қазталов ауданында қазірге кезде таза судың дебеті аз. Аудан орталығына Лекер су ұңғымасынан құбыр тартылып жатыр. Ауыз су құбырының жұмысымен таныстым. Мердігерге алдағы шілде айында бітіру тапсырылды. Аудан орталығына Лекер су ұңғымасынан келетін ауыз су құбырының жеткіліксіз болуына байланысты қосымша екінші құбыр тарту қолға алынған болатын. Қазу және құбыр жүйесін тарту жұмыстарын мердігер «Қалдығайты» ЖШС атқаруда.

96c44ce3-cd13-42ef-a536-fb45ed88dcd1

         Сырым ауданының орталығында да судың дебеті өте төмен. Жаз айларында суға сұраныс көп, жетпей жатады. Қазір ауыл шаруашылығы министрлігімен жұмысты бастап кеттік. Жаңақаладағы секілді топтық су құбырын тартпақпыз. Жаңақала ауданына 150 шақырымнан су тарттық. Жол-жөнекей 8 елді мекен сумен қамтылды.

         Жымпитыдан 86 шақырым Кеңашы жерінде судың көзі бар. Аталмыш елді мекеннен  Жымпитыға дейін 5 ауыл сумен қамтылады. Бұл жұмысты жүргізуге конкурс басталды. Құны - 2,5 млдр. теңге. Бастамасына республикалық бюджеттен 100 млн.теңге бөлінді.

         Биыл облыстың 50 пайызы су мен қамтылады. Яғни 40 елді мекенге таза су жеткізбекпіз. Келесі жылы тағы 50 елді мекенге жеткізіледі.

         Алысқа бармай-ақ Орал қаласының іргесіндегі Ветелки елді мекенінің тұрғындары осы күнге дейін құдық суын тұтынып келеді. Қазір Ветелкиге су құбырын тарту жұмысы басталды. Күзге дейін аяқталады. Оған 350 млн. теңге бөлінді, -деді облыс әкімі.

Динара Насыр,

суретке түсірген Александр Куприенко, Динара Киндербаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале