27.02.2017, 17:48
Оқылды: 24

Биыл егіс алқабы көбейеді

Елімізде биыл көктемгі егіс жұмыстарына 21,8 млн. гектар жер бөлінеді. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық мәлім етті.


Оның айтуынша, биыл көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жанармай көлемі әзірге белгісіз, себебі әр облыс өздеріне қажетті жанармай көлемін көрсетіп, анықтама жібереді. Соған байланысты көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жанармай көлемі мен оның бағасы белгіленетін болады.

«Жалпы, биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 21,8 млн. гектар жер бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 166 мың гектарға көп», – деп атап өтті Ж.Әбдіхалық.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале