10.10.2019, 12:27
Оқылды: 387

Биыл Қаратөбеден 78 тонна ет экспортталған

Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев айтты.

Karatobe fkim Zhanat Asantaev

-Былтыр шетелге «Кублей» ЖШС ет өңдеу кәсіпорны арқылы 64 тонна тонна ірі қараның еті, 10 тонна қой еті экспортқа шығарылды. «Қоржын» мал сою кешені арқылы дайындалған 10 тонна қозы еті тікелей Ресейге шығарылды. Биыл жыл басынан «Кублей» ЖШС арқылы 67 тонна ірі қараның еті, 11,5 тонна қой еті экспортталды. Жұмыстар әлі де жалғасуда.

 Ауданда қысқа дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді. Күні бүгінге 61,75 мың тонна шөп шабылды.

Жыл сайын ауданның ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасы жаңартылып келеді. Ауданда 426 трактор бар. Жыл басынан бері 37 трактор, 49 түрлі ауыл шаруашылық техникасы алынды, - деді аудан әкімі.

Қаратөбе ауданында 73 қыстақ бар. Электр жүйесіне қосылмаған 17 қыстақ соңғы 3 жылда күн батареясын орнатқан. Биылдың өзінде 12 күн батареясы қойылыпты. Мал өсіріп отырған қожалықтар үшін биыл 7 құдық қазылған. Күн батареяларын орнатып, құдық соққан шаруа қожалықтар мемлекеттен 51 млн. 875 мың 584 теңге субсидияға қол жеткізді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале