19.09.2019, 18:37
Оқылды: 185

Биыл Қазталов ауданындағы шаруалар 56 трактор сатып алған

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте Қазталов ауданының әкімі Альберт Есалиев баяндады.

esalyev

Аудан әкімінің айтуынша, ауданның бюджеті былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға өсіп 8,5 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 842,3 млн. теңгеге жетіп, өсім 3,5% құрап отыр.

Құрылыс саласында 68,1% өсім бар, яғни 249,1 млн.теңгені құрады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 121,4% өсіп 6,1 млрд. теңгеге жетті.

traktor

Қазталовтықтардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Ауданда 640 агроқұрылым, соның ішінде 33 ауылшаруашылық кооперативі жұмыс жасайды. Былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда мал басы және ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрлері бойынша өсім бар.

- Ауданымызда қазіргі уақытта асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын 27 шаруашылық бар. Олардағы мал басы – 10 717. Жыл аяғына дейін 200 бас ірі қара алып келу жоспарланып отыр.

Биыл жалпы құны 2,6 млрд.теңгеге Ақпәтер ауылында мың басқа және Талдыапан ауылдық округінде бес мың басқа арналған мал бордақылау алаңының инвестициялық жобасының құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Биыл аудан бойынша барлығы 56 трактор, 49 түрлі ауыл шаруашылық техникасы сатып алынып, машина-трактор паркі жаңартылды,-деді аудан әкімі Альберт Есалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале