8.04.2020, 11:01
Оқылды: 646

Биыл «Казталов-Жәнібек», «Өнеге-Бисен-Сайқын» жолын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады

Бұл жайлы «AQJAIYQ» телеарнасында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Теміржан Шәкімов айтты.  

 -Елбасының тапсырмасына орай, жалпы ұзындығы 245 км құрайтын республикалық маңызы бар Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайқын автомобиль жолдары учаскелерінде күрделі жөндеу бойынша жұмыстары жалғасады. Жеткілікті қаржыландыру болған жағдайда 104 шақырым жол жөнделеді.

Сонымен қатар, «Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы» учаскесінің 35 шақырым жолы күрделі жөндеу жобасын аяқтау жоспарлануда. 1,6 млрд.теңге қарастырылған қаражатқа Самара-Шымкент 214-250 км (36 км) жолын орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға қатысты 22 жобаны іске асыру үшін 12,1 млрд.теңге қаражат қарастырылған. Оның ішіндегі 7,4 млрд.теңге республикалық бюджеттен, 4,7 млрд. теңге жергілікті бюджеттен. Жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру күтілуде, - деді Теміржан Әдиетұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале