24.01.2020, 20:13
Оқылды: 239

Биыл Оралда қолданысқа берілетін көп қабатты 3 үй пәтер кезегіндегілерге арналмақ

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков 2019 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес алдында есеп берді.

Қала әкімінің айтуынша, соңғы жылдары облыс орталығы халқында тұрақты өсімі байқалады. Қазір Орал қаласында 314 мыңнан астам адам тұрады.

oral akim (3)

Қазір мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде 19 913 адам тұр.  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 123 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы басталған болатын.

Осы бағдарлама бойынша жалпы ауданы 41 мың шаршы метр болатын 6 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Олардың 4-еуі Зачаганск кентінде, 2-еуі қаланың Солтүстік-шығыс бөлігінде. Бұл алты үйде 797 пәтер бар.

Әкім 2020 жылы 1373 пәтері бар 8 үй пайдалануға берілетінін айтты. Бұл үйлердің үшеуі пәтер кезегіндегілерге арналмақ.

Нұрлыбек Рахманов,

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале