13.02.2020, 16:02
Оқылды: 29

Биыл Оралда үш мектеп пайдалануға беріледі

Оралда жолаушылар тасымалымен 6 компания айналысады. Алайда осы кәсіпорындардың жұмыс сапасына тұрғындардың көңілі толмайды.

abat qala (14)

Шаһардың автобус паркінің ескіруі 54%-ды құрайды, тасымалдағы 568 автобустың 277-сінің қызмет көрсету уақыты тоғыз жылдан асып кеткен. Қала басшысы жолаушылар тасымалы сапасын жақсарту бағытындағы бірқатар шара қабылданатынын айтты. Оның ішінде автобус паркін жаңғырту, жолаушылар тасымалының тиімділігі мен ашықтығын қалыптастыру жүйесін құру (электронды билеттерге дейін), әлеуметтік маңызды маршруттарды бюджет есебінен субсидиялау көлемін біртіндеп ұлғайтуға қол жеткізу, қоғамдық көліктің бағыттар желісін оптимизциялау, жолаушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай ережесін жасақтап, жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобустарға бейнекамералар орнату жағы қарастырылуда.

oral (2)

Сонымен қатар биыл 1650 орындық 3 мектеп пайдалануға беріледі. Шаһардың 20 мектебінде STEM зертханалық кабинеті және 10 community орталығы ашылады. 22 көп функционалды спорт және балалар алаңы бұқараның игілігіне айналады.

abat qala (4)

Тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі мен ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға көрсетілетін материалдық көмек, қызмет түрлеріне 1,6 млрд. теңге бөлінген. Сонымен қатар тұрғындарды жұмыспен қамту саясаты қаламызда инвест жобалармен өндіріс көлемінің кеңеюімен іске асады. 2020 жылы қаламызда 3500 жаңа жұмыс орны ашылады. Көп балалы отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың экономикалық дербестігін және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайту мақсатында биыл «Жанұя» орталығын ашу жоспарланған.

Гүлбаршын Әжігереева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале