31.01.2019, 16:52
Оқылды: 19

Биыл Ветелки ауылына су жүргізіледі

Дәл қазір 15 988 халқы бар Деркөл кентінде Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың есептік кездесуі басталды.  Қала басшысы биыл кентте құрылыс пен абаттандыру жұмысы жалғасатынын айтты.

20190131_162630

-Биыл Ветелки ауылындағы үйлерге су жүргізу жұмысын бастаймыз. Жобаның құны - 384,5 млн. теңге. Конкурс жарияладық. Демек, 500 тұрғын таза ауыз сумен қамтылады. Мұнымен қоса, Сарыарқа шағынауданынан еріген суды ағызып жіберуге және ішкі кірме жолдың құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Оған 48 көше кіреді, - қала әкімі.

Динара Насыр,

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале