17.02.2017, 20:37
Оқылды: 69

Биыл жол құрылысына 24 млрд. теңге бөлінбек

Бұл туралы өңірімізге іссапармен келген ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.


Оның сөзінше, облыстағы автокөлік жолының 72 пайызы жөндеуді қажет етіп тұр. Осыған орай, биыл облыстың автокөлік құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 24 млрд. теңге бөлінген. Соның ішінде 16 млрд. теңге республикалық бюджеттен және 8 млрд. теңге жергілікті бюджеттен бөлінеді. Қазіргі таңда «Орал- Каменка (Тасқала)» автокөлік жолына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл соның 50 шақырымы (км) жаңғыртылып болады. Аталған жолды жаңғырту жұмысы 2018 жылы толықтай аяқталмақ.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Чапаев ауылынан Жалпақтал ауылына дейінгі және Қазталов-Жәнібек автокөлік жолдарындағы күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ. 133 шақырым (км) жолға орташа жөндеу жұмысы жүргізілмек. Жергілікті маңыздағы автокөлік жолдары бойынша 126 шақырым (км) жолды жөндеу жоспарлануда. Соның ішінде Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автокөлік жолына жаңғырту жұмыстары және Орал-Кирсанов, Чапаев-Жаңақала-Сайхын, Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Жиын соңында құрылыс компанияларының өкілдері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, бұған тиісті жауаптар қайтарылды.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале