22.03.2019, 12:33
Оқылды: 25

Біз әрқашан да Елбасымен біргеміз! 

Біз спортшы ретінде Тұңғыш Президентіміздің қолдауын әрдайым сезініп жүрдік. Бұл шешімнен кейін Елбасымызға, оның еңбегі үшін тариxи бағасын бере алдық па деген сұрақ туындайды. 

Nazarbaev

Жаңадан тағайындалған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанамызды Елбасы атымен атау жөнінде ұсыныс көтерді.
Астананың әр ғимаратының қалануына себепші болып, өзінің баласындай дамуына үлес қосқан Елбасымызға неге есімін бермеске?!

Мұндай жағдайлар тариxта көп кездеседі. Мысалы, Вашингтон, Санкт-Петербург секілді қалалар осындай тұлғалардың есімін алды. Сондықтан Астана қаласы атанып жүрген қала ендігі кезекте "Нұр-Сұлтан" есімін алса, оның еш оғаштығы жоқ деп есептейміз!

Біздің өміріміз спортпен тікелей байланысты, әр елдерге жарыстарға шығып жүреміз. Сол кезде жеңіске жетіп, еліңнің аты аталғанда және Қазақстан Əнұраны ойнаған кезде үлкен қуанышқа бөленетінімізді барлығы біледі! Тереңірек ойлансақ, әр жеңіске жетуімізге, үлкен спорт додаларына қатысуға мүмкіндік алғанымыз - Тәуелсіз еліміздің арқасында!

Көк байрағымыз биікте, ел ішінде соғыс жоқ, бейбіт өмір сүріп жатырмыз! Міне, осы факторлардың барлығы біздің әлемге Қазақ спортшысы екенімізді танытуға жағдай жасады. Ал бұл күніміз үшін Елбасыға, Тұңғыш Президентімізге алғыс айтудан басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан еліміздің бас қаласы әлем елдері арасында беделі бар, өз елін шексіз сүйіп, xалқына бар өмірін арнаған Елбасымыздың атымен аталғаны оң шешім деп ойлаймыз.

Батыс Қазақстан облыстық

ұлттық спорт түрлері балалар мен

жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы

--

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале