4.07.2020, 18:03
Оқылды: 128

«Біз біріксек қана, пандемияны жеңеміз!»

Әлемде, елімізде тарап отырған індеттің күннен-күнге өршіп отырғаны белгілі. Өте қорқынышты. Ойлантады.

43B73842-7994-405B-94B3-3BED7C1931F6

Орын алып отырған бұл дерттің алдын алу бағытындағы жұмыстарға, сақтық шараларына немқұрайлылықпен қарауға болмайды. Сол себепті баршамызға қолжетімді антисептикалық заттарды қолданып, сақтық шараларын жасауымыз қажет.

Бұл кеселден өзімізді, отбасымызды, тума-туысқандарымызды, көршілерімізді, жалпы қоғамды құтқаруға атсалысуымыз қажет.

Егер бәріміз сақтық шараларына бір кісідей сақтасақ, бұл кеселдің ауылы алыстайтындығы сөзсіз.

Мен де бұл дерттің барына бастапқы кезде сенімсіздікпен қарадым. Бертін келе ел аумағындағы жора-жолдастарымнан, әріптестерімнен алынған дәйекті ақпараттар арқылы ойлануыма тура келді.

Мысалға, бір ғана шағын ауданның өзінен жарты айдың ішінде тепсе темір үзетін 3-4 жігіт дүниемен қош айтыса барды.

Күні кеше ғана елге, ортасына сыйлы құрметті азаматты ақтық сапарға шығарып салдық. Ойлап қарасам, барлық тәртіпті сақтап, салауатты өмір кешкен адамды да бұл дерттің айналып өтпегені ойға қалдырды. Сол себепті кішігірім нәрселердің өзіне де үлкен сақтықпен, қырағылықпен қараған жөн.

Біздің елдің халқы өте бауырмал, бір-бірімен араласқыш халық. Осы орайда сәл шегініс жасап, шыдамдылық таныуға, қарым-қатынас мәдениетін қатаң түрде сақтауға тура келеді.

Бір-бірімізді сыйлап, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз керек.

Өкінішке орай, бүгінде денсаулық сақтау саласы бұл кеселге дайын болмай шықты. Дәрі-дәрмектер тапшылығы сезілуде. Қарапайым ғана бетперденің өзі дәріханаларда жоқтың қасы. Бар болғанның өзінде бағалары удай қымбат. Бұл тұрғысында жауапкершілік пен тәртіпті күшейту қажет деп ойлаймын.

Бұл кеселден сақтық шараларын алсақ қана құтыламыз!

Біз біріксек қана, пандемияны жеңеміз! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!

Данильбек Саратов,

«Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале