10.12.2018, 11:20
Оқылды: 41

БҚАТУ-дағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 850 түлек қатысты

«Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары аясында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған 60-тан аса жұмыспен қамтушы мен 850 түлек қатысты.

 IMG_9026

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Университет ректоры Асқар Наметов «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ мен «Kazkon» кондитерлік фабрикасының басшыларымен серіктестікті дамыту меморандумына қол қойды. Сонымен қатар «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 3 кәсіпорынмен 6 студентті тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру бойынша келісім-шарт жасалды. «АкТеп» ЖШС «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының түлектерін, «Kazkon» кондитерлік фабрикасы болашақ технологтарды, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС басшылығы «Политехникалық» факультет студенттерін өндірістік тәжірибеден соң тұрақты жұмысқа алатындарын айтты.

– Мұндай шаралар түлектерді жұмыспен қамтып қана қоймайды, жұмыс берушілер де білікті маман даярлауда оқу жүйесіне қажет ұсыныстарын білдіре алады, - дейді Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Студенттер контингентін қалыптастыру және мансап орталығының директоры Ізімғали Жұбантаев.

Соңғы үш жыл ішіндегі 3366 түлектің 2663-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Биылғы оқу жылында 1005 түлек болса, олардың көпшілігі қазірдің өзінде сұранысқа ие және мамандықтары бойынша қызмет етуде.

Өткен оқу жылында «Экономика және бизнес» факультетінде құрамына Ұлттық банкпен бірге 12 банк филиалдары және Мемлекеттік кірістер департаменті енетін қамқоршылар кеңесі құрылған еді. Аталған мекеме қызметкерлері студенттерге дәріс жүргізіп, жыл соңында 10 студент банк филиалдарына тұрақты жұмысқа орналасты. Мұндай қамқоршылар кеңесі басқа факультеттерде де құрылуда.

IMG_9069

 Жайнагүл САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ,

БҚАТУ Медиа орталығының маманы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале