29.09.2019, 17:02
Оқылды: 490

БҚМУ-да «Салауатты өмір үшін» атты көпшілік сауықтыру шарасы өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы спорт шарасын қолдауға байланысты бейнеүндеу жолдаған болатын. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Салауатты өмір үшін» атты көпшілік сауықтыру шарасы жалғасын тапты. Аталмыш спорттық шараны университетіміздің ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы ашып, барлық қатысушыларға алғысын білдірсе, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы сөз алып, жастар арасында  салауатты өмір салтын насихаттау мен спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығын жеткізіп, сәттілік тіледі. Шараға «Jas Otan» қызметкерлері мен университетіміздің студенттері белсенді қатысты.

bkmu (4)

Дені сау, әрі белсенді адамдар ғана, соның ішінде жастарымыз елімізді алға жетелейтіні анық. Осы орайда, университетімізде жаңа оқу жылы және Қала күні мерекесі қарсаңында оқу орнының бас ғимараты аумағынан студенттерге арналған 920 шаршы метрді қамтыған жаңа спорттық алаң пайдалануға берілген болатын. Бұл да студенттерімізге бос уақытында спортпен айналысу, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыру, демалуға шақыру, спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың қатарын көбейту, саламатты өмір салтын ұстануға бағыттауға жол ашары айқын.

bkmu (3) bkmu (5) bkmu (2)

Рита Сұлтанғалиева,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале