8-707-808-48-55
4.09.2019, 18:39
Оқылды: 125
БҚМУ-да жаңа спорттық алаң пайдалануға берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа он жылдық  – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2020 жылы елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушыларды 30 процентке  жеткізуді жүктеді.

IMG_3526

Сонымен қатар өткен жылы спорт шарасын қолдауға байланысты бейнеүндеу да жолдады. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу арқылы қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыру мақсатынан туындаған еді.

Дені сау, әрі белсенді адамдар ғана, соның ішінде жастарымыз елімізді алға жетелейтіні анық. Осы орайда, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да жаңа оқу жылы және Қала күні мерекесі қарсаңында оқу орнының бас ғимараты аумағынан студенттерге арналған 920 шаршы метрді қамтыған жаңа спорттық алаң пайдалануға берілді.

IMG_3540

Бұл студенттерге бос уақытында спортпен айналысуға, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыруға, спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың қатарын көбейтуге, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға жол ашары айқын. Спорттық алаң допты ойындарға, жеңіл атлетика, жүгіруге лайықтап жасақталған және осы алаңда дене тәрбиесі сабақтары да өтеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда университетте 500-ге жуық студент 16 спорттық секцияға қатысады. Олардың арасында спорттық клубтардың мүшелері және облыс намысын қорғап жүрген спорттық ұйымдардың командасына алынған жастар да бар.

Рита Сұлтанғалиева,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар