26.06.2019, 16:18
Оқылды: 83

БҚМУ ұжымы Арыстағы ағайынға бір күндік жалақыларын аударады

Арыс қаласындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созу мақсатында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті шұғыл түрде кезектен тыс ғылыми кеңесін өткізді. Университеттің барлық профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қалыс қалмай, бір күндік жалақыларын аударады.

arys

-Қиын жағдайға душар болған Арыс тұрғындарынан қолдан келгенше  көмектерін аямауды азаматтық борышымыз. Университеттің жастары да атсалысуда. Университеттің жастар ісі жөніндегі комитеті Орал қаласындағы гуманитарлық көмек көрсету пунктіне ұйымшылдықпен көмектерін  жеткізуде. «Апат айтып келмейді» осындай қиын жағдайда отандастарымызға көмек қолын созып, қолдау көрсету әр адамның азаматтық борышы. Университет ұжымының 2 500 000 көлемінде бір күндік жалақылары аударылады, аз да болса көмек болса деген ниет. Осындайда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, бірлігі жарасқан елдің қиындықтарға төтеп беретінінін тұтас ел болып дәлелдеуде, - дейді М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрлан Серғалиев.

М.Өтемісов атындағы

БҚМУ-дың баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале