7.08.2018, 13:19
Оқылды: 320

БҚО әкімдігі бөлген 93 білім грантына құжат қабылдау басталды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жоғары білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен 2018-2019 оқу жылына мемлекеттік білім грантын бөлгенін және ол жоғары оқу орындарының тізбесін жариялағанын хабарлаған болатынбыз. Аталмыш оқу орындарына құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сәбиева.

"Құжат қабылдау 5-10 тамыз аралығында жүзеге асады. Біз жас талапкерлерді облыс әкімінің грантын жеңіп алып, тегін білім алуға шақырамыз. Түлектерді Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (47 грант), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (22), Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті (19) секілді аймақтағы іргелі оқу орындары және "Нұр-Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университеті (6 грант) күтеді" дейді білім басқармасы баспасөз хатшысы. Яғни биыл жергілікті бюджет есебінен 93 түлектің білім алуына мүмкіндік бар

Қосымша ақпарат үшін білім басқармасының 26-04-74, 26-05-04 байланыс телефондарына хабарласуға болады. Ал гранттар бөлінген мамандықтар тізбесін мына сілтемеге өту арқылы білуге болады.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале